364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық банк: Қаржы нарығындағы жағдай геосаяси шиеленістен туындап отыр

  • 243
  • UPD: 16:00, 13.08.2018
Ұлттық банк: Қаржы нарығындағы жағдай геосаяси шиеленістен туындап отыр

13 тамыздағы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 доллар 363 теңгені құрады.

Бұл өткен күндермен салыстырғанда теңге 15 АҚШ долларына өсіп немесе 1,8%-ке дейін құнсызданды.

«Бұл дамушы елдер валюталарының жалпы әлсіреуі нәтижесінде болып жатқан құбылыс», - деді ҚР Ұлттық банктен. Дамушы елдердің ақша нарығындағы жағдай геосаяси шиеленістен туындап отыр. Сондай-ақ АҚШ-тың Ресей, Қытай, Түркия сияқты елдерге салып отырған санкциялық саясатының көрінісі. Бұл дипломатиялық қатынастардың шиеленісуіне әкеліп отыр. «АҚШ долларының әлемдік қаржы нарығындағы жалпылама нығаюы байқалады. Бұл экономикадағы оң тенденцияның ықпалында АҚШ Федералды резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемесін көтеру жағдайлары болжануда. Бұл факторлар дамушы елдердің нарығындағы капиталдың дамыған елдер нарығына құйылуына ықпал етті», - деді Ұлттық банктен.

Айта кеткен жөн, Ұлттық банк теңге бағамын еркін айналымға жібергені белгілі. Сондықтан да теңге курсы фундаменталды факторлардың ықпалымен нарықтық жағдайға сай қалыптасады.

Осы категория бойынша: « KASE-нің таңғы сессиясы: $1 = 363,45 теңге Ақтау саммитінде қабылданған конвенция инвесторлардың келуіне жол ашады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы