369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтау саммитінде қабылданған конвенция инвесторлардың келуіне жол ашады

  • 150
  • UPD: 15:48, 13.08.2018

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның қабылдануы елімізге тартылатын инвестиция көлемін арттырады.

ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Айжан Мұқышбаева осындай пікірде. Оның айтуынша, ендігі жерде шетелдік инвесторлар өңірде ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға ұмтылады. «Әсіресе, Каспий теңізіндегі мұнай және газ ресурстарын игеру, экологиялық талаптарға сай магистральді құбырлар салу бағытында заманауи жобалар қолға алынады», - дейді сарапшы.

Айжан Мұқышбаева, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы:

- Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі анықталмаған кезде инвесторлар келуінде күмән болатын. Себебі болашақта сол Каспий теңізінің аумағындағы 5 елдің арасында қандай да бір келіспеушіліктер туындауы мүмкін, соның нәтижесінде олардың салған инвестициясы, жобалары жүзеге аспай қалуы мүмкін деген күмән болатын. Ал қазіргі уақытта нақты Каспий теңізінің конституциясы қабылданды десек болады. Енді инвесторлар келген кезде олар сеніммен әрі қарай ірі жобаларды жүзеге асыра алады. Себебі әр елдің территориясы нақты анықталды.

Осы категория бойынша: « Ұлттық банк: Қаржы нарығындағы жағдай геосаяси шиеленістен туындап отыр Каспий конвенциясы ішкі туризмнің дамуына серпін береді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы