367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында қуаттылығы 30 мегаваттық күн электр станциясы салынады

  • 160
  • UPD: 15:30, 13.08.2018

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында қуаттылығы 30 мегаваттық күн электр станциясы салынады. Жобаның құны шамамен 12 миллиард теңге.

Тиісті сараптамадан өткеннен кейін құрылысты екі кезең бойынша жүзеге асыру жоспарланып отыр. Станцияны салуға инвестор ниет білдірген. Ол үшін Жалағаш кенті аумағынан 164 гектар жер телімі бөлінді.

«Жоба сәтті жүзеге асса, ең алдымен өңірдің экономикалық дамуына оң ықпалын тигізеді. Өзгеге тәуелділіктен арылып, тариф бағамын реттеуге де мол мүмкіндік туады», - дейді мамандар. Сондай-ақ шамамен 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Жасұлан Еспенбет, Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы:

- Экологиялық және экономикалық тиімділігіне сараптама жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындар арасында экологиялық жағынан қоғамдық тыңдау жүргізілді. Ол қолдау тапты. Осы жоба 2018 жылы басталып, 2019 жылы аяқталу жоспарлануда. Күн электр станциясынан 20 вольттық тоқ шығару жөнінен подстанцияға қосу жоспарлануда. Бұл жоба ауданымыз үшін өте тиімді.

Осы категория бойынша: « Каспий конвенциясы ішкі туризмнің дамуына серпін береді Өзбекстан тауарларын еліміз арқылы Еуропаға шығарады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы