365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық кәсіпкерлер Солтүстік Кипрдің құрылыс саласына инвестиция құюы мүмкін

  • 150
  • UPD: 17:22, 18.08.2018
Қазақстандық кәсіпкерлер Солтүстік Кипрдің құрылыс саласына инвестиция құюы мүмкін

Осы елдің жетекші компанияларының бірі алдағы күндері Астанада өз кеңсесін ашып, әріптестік ауқымын кеңейтпек.

Кәсіпорын қожайынының айтуынша, кеңсенің ашылуы құрылыс саласындағы ынтымақтастықтан бөлек туризмді де дамытады. Екінші жағынан көпқабатты үйлер мен тұрғын үй кешендерін салуда тәжірибе алмасып, бірлескен жобалар жасауға мүмкіндік береді.

Ахмет Ноян, Солтүстік Кипрдегі құрылыс компаниясының бас директоры:

- Солтүстік Кипр үшін Қазақстан – инвестиция құйып ынтымақтастық көкжиегін кеңейтетін жаңа алаң. Заманауи шаһар салу үшін құрылыс компаниялары тынымсыз еңбек еткені көрініп тұр. Егер Кипр мен Астананы салыстыратын болса, ауа райында ғана айырмашылық бар деп айтуға болады. Сәулетші ретінде айтарым, шаһар осы қарқынмен дамитын болса, алдағы 10-15 жыл ішінде Астана әлемдегі танымал қалалар қатарына қосылуы мүмкін.

Осы категория бойынша: « Ақтөбеде көше саудасын дамыту жұмысы қолға алынды Каспий конвенциясы сауда-саттық жолын кеңейтеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы