369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ҰБ банкноттар мен монеталардың үздік бейнеленуіне ашық конкурс жариялады

  • 229
  • UPD: 14:34, 20.08.2018
ҚР ҰБ банкноттар мен монеталардың үздік бейнеленуіне ашық конкурс жариялады 7kun.kz

Қазақстан Ұлттық банкі ұлттық валюта теңгенің 25 жылдығы шеңберінде 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап банкноттар мен монеталардың үздік бейнеленуіне арналған «Теңге балалардың көзімен» тақырыбы бойынша Қазақстанның балалары арасында балалар суретінің ашық конкурсын жариялайды.

Конкурстың негізгі мақсаты дарынды балаларды анықтау және көтермелеу, жас суретшілерге өздерінің шығармашылық әлеуетін ашу мүмкіндігін беру және ұлттық валюта теңгені бірегей пайымдауды көрсету болып табылады.

Балалар суреті конкурсы мынадай жас санаттарында өткізіледі: 6 – 10 жас аралығында және 11-14 жас аралығында. Жұмыстар «Банкноттың үздік бейнеленуі» және «Монетаның үздік бейнеленуі» екі номинациясы бойынша қоса алғанда 2018 жылғы 1 қыркүйек – 25 қазан аралығында қабылданады. Бір автордан әрбір номинацияда бір жұмыстан артық қабылданбайды.

Конкурс қорытындылары 2018 жылғы 15 қарашаға дейін шығарылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер және конкурстық жұмыстар Қазақстан Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына «Сурет конкурсы» белгісімен, A15C9T5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а., 21-үй мекенжайы бойынша жіберіледі.

Осы категория бойынша: « Каспий конвенциясы сауда-саттық жолын кеңейтеді KASE қорытындысы: $1 = 360,71 теңге »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы