365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында инвесторлар жобаларын кедергісіз жүзеге асырып жатыр

  • 203
  • UPD: 13:43, 21.08.2018

Елімізге келген шетелдік инвесторлар енді өз жобаларын іске асыру барысында еш қиындық көрмейді.

Себебі еліміздің Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен «ҚазақИнвест» Ұлттық компаниясы бірігіп инвесторларды қолдау жобасын қолға алды. Осы арқылы ірі инвестициялық жобаларға жан-жақты жәрдем жасалады. Мәселен, Ақмола облысында бүгінде 11 инвестициялық жоба аталған жұмыстың жемісін көріп отыр. Себебі олардың жүзеге асуына заңнамалық кепілдік берілген. Мамандардың айтуынша, қандай да бір нысанды іске қосу барысында кәсіпкерлер көбіне жер телімін алу жағынан қиындық көреді екен. Одан басқа жасанды әкімшілік кедергілер де жетерлік. Айталық, жыл басынан бері Ақмола облысында 25 мемлекеттік қызметкер өз жұмысын тиісті деңгейде атқармағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Әйгерім Молдабекова, «ҚазақИнвест» ҰҚ АОФ директоры:

- Инвесторларды жемқорлықтан алдын алу үшін, оларды жан-жақты қолдау үшін арнайы колл-центр ашылған. Егер де оның сұрағы республика деңгейінде шешілу керек болса, онда біз «ҚазақИнвесттің» орталық офисіне қосамыз оларды. Олар өз жұмыстарын бастайды. Барлық керек министрліктерді, барлық керек мемлекеттік 

Берген Беспалинов, облыстық  МҚІСЖҚІ  департаментінің жетекшісі:

- Әкімшілік кедергілер әртүрлі болады. Мәселен, мемлекеттік мекеме, заңда жоқ құжаттарды талап етуі мүмкін немесе рұқсат қағаздарын кешіктіруі де кезігіп тұрады. Сондықтан біз осының бәрін қадағалап отырамыз. Ал егер жемқорлық дерегі жайлы арыз түссе, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы іске кіріседі.

Осы категория бойынша: « Елімізге қомақты қаржы құйған ирандық инвестордың құқығы қорғалды Қазақстанға 26 тамыздан бастап Ресей жанармайы кіргізілмейді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы