374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейден 40 жыл бұрын көшкен Омбы тұрғыны үнемі қазақстандық өнімді сатып алады

  • 188
  • UPD: 08:54, 24.08.2018

Қазақстандық өнімдер Ресей нарығында өз орнын тапты. Бағасы тұрақты, сапасы бәсекеге қабілетті тауарларға жергілікті халық тарапынан сұраныс артқан.

Мәселен, былтырдан бері Омбыда қазақстандық тауарлар дүкені жұмыс істеп тұр. Бұл әсіресе шекаралық аймақтардың әріптестігін нығайтып, сауда айналымын арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Александр Тришкин Семейден Омбыға осыдан 40 жыл бұрын көшіп келген. Ресейде тұрса да, әркез қазақстандық өнімді сатып алады. Өйткені сапасы жергілікті тауарларға қарағанда әлдеқайда жоғары.

Александр Тришкин, Омбы қаласының тұрғыны:

- Қазақстандық өнімді қолдаймыз. Себебі басқалармен салыстырғанда дәмі ерекше. Еш қоспасыз. Оның үстіне дүкен үйімнің қасында.Көбіне  сүт және ет өнімдерін аламын.

Қымыз, шұжық, қаймақ бәрі осында. «Қазақстанда жасалған» атауымен іске қосылған дүкендер желісіне бүгінде 20-дан астам компанияның 1000-ға жуық тауар түрі қойылған. Тұтынушылар тарапынан ұлттық өнімдерге деген сұраныс жоғары. Ал тауарлар еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына толық жауап береді.

Вера Цодикович,  қазақстандық дүкендер желісінің әкімгері:

- Көбіне құрт, қоспа, сүр ет сынды қазақтың ұлттық өнімдерін сатып алады. Өйткені Омбыда мұндай экологиялық таза өнімдер көп жерде саудалана қоймайды.   Әзірге төрт дүкеніміз бар. Бұл аздық етіп отыр.

Айта кету қажет Омбыдағы дүкендер желісі өткен жылы іске қосылды. Алдағы уақытта тағы сегізін ашу үшін арнайы келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Бүгінгі күні екі елдің барыс -келісі, алыс-берісі келісіп тұр. Мəселен, үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысы мен Ресейдің тауар айналымы 25 миллиард теңгеден асып жығылған. Сондай-ақ еліміздің солтүстігінде ресейлік капиталдың қатысуымен 200-ден астам ірілі-ұсақты кəсіпкерлік нысаны бар. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш артады деген сенім бар. Өйткені биыл Петропавлда Қазақстан мен Ресей ынтымақтачтығының 15-аймақаралық форумы өтеді деп жоспарланып отыр.

Самат Қайырденұлы, Руслан Əлиев

Осы категория бойынша: « Ұлттық Банк 1,4 млрд доллар көлемінде валюта сатып алады ЕАЭО аймағына шетелден әкелінген көліктің баж салығы арзандайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы