374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Т.Сүлейменов: Бюджетте түбегейлі өзгерістер болмайды

  • 223
  • UPD: 17:55, 28.08.2018

Ұлттық экономика министрлігі бюджетті 1 доллар үшін 350 теңгемен есептейтін болды. Бұл туралы ведомство басшысы Үкімет отырысында мәлім етті.

Тимур Сүлейменовтың айтуынша, бюджетте түбегейлі өзгерістер болмайды. Бұған дейін 2018-2020 жылдарға арналған бюджет 1 доллар үшін 340 теңгемен есептелінген болатын.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Бюджетте түбегейлі өзгерістер болмайды. Негізінен әлеуметтік бағыттарға басымдық беріледі. Яғни қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған. Бюджеттің даму бөлігі де бар. Ол агроөенркәсіп кешенін, шағын және орта бизнесті дамытуды көздейтін мемлекеттік бағдарламаларға бағытталанатыны түсінікті.

Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының картасы әзірленді. Осы ретте алдағы уақытта ел экономикасы шамамен 4,5-5 пайызға дейін өседі деп жоспарланып отыр. Бұл 2025 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің деңгейін 46 100 АҚШ долларына дейін өсіруді қамтамасыз етеді.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- 2025 жылға арналған стратегиялық даму жоспары бар. Осыған орай 30 дамыған елдің қатарына кіру жолындағы прогресті өлшеу, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, және экономиканың даму сапасын көрсететін тиімді ұлттық индикаторлар көрсетілген. Ұлттық индикаторлар 14 салаға бөлінген және халықаралық рейтингтерді қоса алғанда 37 индикаторды қамтиды.

Осы категория бойынша: « Қазақстанның бюджеті долларына 350 теңге болады деп есептелді Qazaq Banki мен «Қазақстан Эксимбанкінің» лицензияларынан айырылуы қаржы нарығына әсер етпейді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы