374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Qazaq Banki мен «Қазақстан Эксимбанкінің» лицензияларынан айырылуы қаржы нарығына әсер етпейді

  • 159
  • UPD: 18:14, 30.08.2018

Ұлттық банктің «Qazaq Banki» мен «Қазақстан Эксимбанкі» акционерлік қоғамдарын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімі елдің қаржы нарығына әсер етпейді.

Өйткені аталған банктердің нарықтағы үлесі 1 пайыздан да аспайды. Бұл туралы Ұлттық банктің Банктерді қадағалау департаментінің директоры Олжас Қизатов мәлімдеді. Қизатовтың айтуынша, бұл екі банктің лицензиясын тоқтатуға олардың заң талаптарын жүйелі түрде бұзуы түрткі болған. Несие портфельдерінің сапасы нашар болуына байланысты ағымдағы міндеттемелерін де орындай алмаған. Жалпы «Qazaq Banki-ндегі» депозиттерге жеке тұлғалар 23 миллиард теңге салған. Ал «Қазақстан Эксимбанкіндегі» азаматтардың салымы 254 миллион теңгеден аспайды. Болашақта сот банктерді мәжбүрлеп таратып жатса, жеке тұлғалар өздерінің ақшаларын Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан ала алады. Заң бойынша кепілдіктің ең жоғары шегі 10 миллион теңгеге дейін. Ал кепілдік берілген сомадан жоғары ақшаны өтемақыны тарату комиссиясы арқылы қайтаруларына болады.

Олжас Қизатов, ҚР ҰБ Банктерді қадағалау департаментінің директоры:

- Екі банктегі жағдайды ұзақ уақыт бойы мұқият қадағалап келдік. Акционерлер банк капиталын ұлғайтады деген үмітіміз болды. Өкінішке қарай, олар ондай қадам жасамады. Сол себепті ағымдағы міндеттемелерін орындай алмай отырған соң екі банктің де лицензиясын тоқтаттық.

Осы категория бойынша: « Т.Сүлейменов: Бюджетте түбегейлі өзгерістер болмайды Қытайдың «Белдеу және жол» бойындағы елдермен сауда айналымы 5 трлн АҚШ долларына жеткен »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы