369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан қорғасын экспортын 74 пайызға дейін арттырды

  • 195
  • UPD: 10:27, 07.09.2018

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы қанша миллиардқа жетті?

Қазақстанның аспан асты еліне жіберген тауар көлімі өсті. Яғни экспорт импорттан миллиард долларға артық.

Бүгінде импорт көлемі 4 миллиард 700 миллионға жуықтады. Ал екі ел арасындағы тауар айналымы 33 пайызға артқан. Бұл ретте Қытай ел экономикасына инвестиция құйып отырған тізімінде 4-орында тұр. Бұл ретте Қазақстан инвесторларға 16 миллиард доллар қайтаруы тиіс. Көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғада 4,5 пайызға артық.

Қазақстан экспортының басым бөлігі әлі де шикізат күйінде қалып отыр. Дегенмен соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы саласындағы тауар айналымы 20 пайызға артқан. Көршімізге экспортталатын отандық агроөндірістік кешеннің өнімдері екі есеге өсті. Бұл көрсеткішті Қазақстан әлі де еселеуге ынталы. Стандарттау мен тамақ өнімдеріне қойылатын талаптарды тәртіпке келтіру керек. Қазір екі ел рапс майы, сүт, ет, қызанақ және басқа өнімдерді өңдейтін бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатыр.

Қазақстан қорғасын экспортын 74 пайызға дейін арттырды. Вьетнам мен Испания – басты импорттаушы елдер. Статистикаға сүйенсек, соңғы екі айдың өзінде 15 мың тонна металл өндірілген. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға өсті. Өндірістің негізгі ошағы – Шығыс Қазақстан облысы. Өңір былтырғы жылға қарағанда 126 мың тонна өнім өндірген. Бұдан бөлек ішкі нарықта да қорғасынға сұраныс жоғары. Оған қоса сарапшылар елімізде металды сатып алу 20 пайызға дейін өсті дейді.

Биыл Қазақстанның әуе кеңістігінде қызмет көрсетілген ұшақ сапарларының саны 6 пайызға артты. 8 айдың ішінде еліміздің әуе кеңістігі арқылы ұшқан әрі қызмет көрсетілген ұшақтардың саны 171 мың 845-ке жетті. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда он мыңға немесе 5,87 пайызға артты. Отандық компаниялары 66 489 рет, ал шетелдік әуе компаниялары 105 356 рет ұшқан.

Шетелдік әуе компанияларының чартерлік сапарларының өсімі 18,89 пайызды құрады. Транзиттік қозғалыстың артуы шетелдік әуе компанияларының тұрақты рейстерінің жиілігінің көбеюімен байланысты. Қазақстанның әуежайларына қонған шетелдік әуе компанияларының тұрақты рейстерінің орындалу саны 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында 15 221-ге жетті. Осы көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 354-ке артық.

Балабақша бағасы 5 пайызға өсті. Балалардың дамуына арналған орталық құны да төмендемей тұр. Бұдан былай кез келген ата-ана баласының мектепке дейінгі мекемеге барған әр күні үшін 520 теңге төлеуі тиіс. Айта кетейік, бүгінде елімізде 10 мыңға жуық балабақша бар. Өткен жылы бөбекжайға барған бүлдіршіндер саны 860 мыңнан асты.

Өкінішке қарай, төл теңгеміз әлсіреп жатыр. Қазақстан қор биржасындағы соңғы мәліметтеге сүйенсек, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 376 теңгеге жетті. Ақша айырбастау бекеттерінде доллар 379-380 теңге көлемінде саудалануда. Бұл ретте мұнай бағасы туралы ақпар бере кетейін. «Брент» маркалы мұнай бағасы барреліне 77,56 доллар болды.

Авторы: Әсел Тұмашқызы

Осы категория бойынша: « 2018 жылы Қазақстан мен Қытай арасында 40 коммерциялық құжат бекітілді Қытайлық сарапшы: Қазақстанмен ортақ жұмыстар жемісін берді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы