367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тимур Сүлейменов экономикалық дамудың жаңа үлгісіне қатысты пікір білдірді

  • 133
  • UPD: 13:21, 07.09.2018
Тимур Сүлейменов экономикалық дамудың жаңа үлгісіне қатысты пікір білдірді

Сыртқы экономикалық қатерлерге қарамастан, Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бағдарын жалғастырады.

Бұл туралы осыдан санаулы уақыт бұрын ғана аяқталған баспасөз мәслихатында  Ұлттық экономика министрі мәлімдеді. Тимур Сүлейменовтің айтуынша, озық елдердің қатарына ену үшін жаңа экономикалық даму үлгісіне көшу үдерісі басталды. «Бұл үлгіге көшудің негізі 7 жүйелі өзгеріс пен 7 басым саясаттың үйлесімі», – деді министр. Бұл өзгерістер адамның, технологияның, бизнестің дамуы, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамның және мемлекеттің өркендеуі сияқты ел өмірінің барлық салаларын қамтиды.    

Осы категория бойынша: « Ақша айырбастау пункттерінде доллар 380 теңгеге сатылып жатыр Қазақстан экономиканың сапалы әрі тұрақты өсіміне қол жеткізуді көздейді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы