368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шортандыда агроөнеркәсіп кешенін қысқа уақыт ішінде цифрлық форматқа көшірудің жолдары айтылды

  • 289
  • UPD: 23:43, 07.09.2018

Ел аумағындағы агротехникалық жоғары оқу орындарын халықаралық стандартқа көшіріп, ғылыми-зерттеу орталықтарының санын ұлғайту қажет.

Артынша тәжірибелі шаруашылықтар базасында озық технологияларды тез игеру жүйесі енгізілмек. Отандық агроөнеркәсіп кешенін қысқа уақыт ішінде цифрлық форматқа көшірудің осы және өзге де жолдары бүгін «Нақты егіншіліктегі инновациялық технологиялар» конференциясында айтылды. Алқалы жиын Ақмола облысының Шортанды ауданында өтті.

Дәлме-дәл егіншілікке жататын алқаптардың электрондық картасына 23 млн га жер немесе жалпы егіс алқабының шамамен 96 проценті енгізілген. Бұл туралы бүгін Александр Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында өткен конференцияда айтылды. Орталықтың жұмысымен танысуға келген Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев жергілікті фермерлерге иелігіндегі жерлерді цифрлық картаға түсірудің маңыздылығы туралы айтты. Тіпті бұл процесті жеделдету үшін алдағы уақытта министрлік тарапынан 50 проценттік жеңілдік те болады деп уәде етті.

Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, соңғы уақытта агроөнеркәсіп саласындағы кейбір ғалымдардан кәдімгі шаруалардың біліктілігі әлдеқайда жоғары екенін айтты. Саланы жаңғырту үшін саннан сапаға көшіп, құр құжат толтырумен айналысатын мамандар қысқартылады деп ескертті.

Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев шалғай аудандарда байланыс жүйесі реттелетінін жеткізді. Фермерлер де бірауыздан ауылдық жерлерде интернеттің жылдамдығын арттыру қажеттілігін айтты. Сонымен қатар алқаптардың метео дерегі, сенсор, датчик және стансалар орнату, ғарыштық мониторинг сынды ақылы қызмет түрлерін фермерлер үшін қолжетімді ету жөнінде сөз болды. 

Кенже Абдуллаев, А.И.Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры:

– Мәселен, мен тұрған алқапта дәлме-дәл егіншілік технологиясы қолданылған. Сондықтан 1 гектардан 30-40 центнер өнім алуға болады. Ал жолдың арғы бетіне өтсек, бұл жерге астық тұқымы дәстүрлі технологиямен егілген. Алайда өнім көлемі 1 гектардан 16-18 центнер. Яғни екі есе төмен.

Шара соңында қатысушылар Шортанды ауданындағы егістік алқабына барып, заманауи техникамен етене танысты. Айта кетейік, бүгінде елімізде 4 мыңға жуық шаруа қожалықтарының тек 20-дан астамы ғана цифрлық форматқа ілгері көшіп келеді. Ал нақты цифрлық егіншілік арқылы фермерлердің жылына үнемдейтін жалпы шығын көлемі 700 млн теңгеге тең.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Асхат Қарақойшиев

Осы категория бойынша: « Соңғы жарты жылда қазақстандық кәсіпорындар Қарашығанаққа 200 млн АҚШ доллары көлемінде өнім жеткізген Қазақстандық шаруалар енді дәнді дақылды фьючерс келісімдері бойынша саудалауы мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы