365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан қор биржасы 2018 жылдың тамыз айындағы жұмысын қорытындылады

  • 376
Қазақстан қор биржасы 2018 жылдың тамыз айындағы жұмысын қорытындылады kase.kz

Қазақстан қор биржасы 2018 жылдың тамыз айындағы жұмысын қорытындылады.

Өткен айда валюта нарығында жасалған сауда көлемі азайған. Қазақстан қор биржасындағы жалпы сауда-саттық көлемі – 9,6 трлн. Теңгені бүтіндеп, шілде айымен салыстырғанда 0,5% пайызға, яғни 48,8 млрд теңгеге кеміген. Өткен айда акциялар мен корпоративтік облигациялар сегментінде де төмендеу үрдісі байқалды. Валюта нарығында сауда көлемі 1 триллион 406 млрд. теңгеге жеткен. Бұл алдыңғы айға қарағанда 40,5 пайызға көп. Долларға шаққанда ұлттық валютаның құны 348-ден 363 теңгеге дейін өзгерді.

Андрей Цалюк, «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

– Қазіргі жағдайда таң қаларлық ештеңе жоқ. Импорттаушылар мен экспорттаушыларға қызмет ететін банктер көш бастап тұр. Яғни ірі банктер ірі мәмілелер жасайды, ал шағын банктер сауда алаңдарында неғұрлым қарапайым жұмыс атқарады.

Осы категория бойынша: « KASE-нің таңғы сессиясы: $1 = 377,73 теңге Үкімет сағаты республикалық бюджетке арналады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы