374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үкімет сағаты республикалық бюджетке арналады

  • 171
  • UPD: 09:21, 11.09.2018
Үкімет сағаты республикалық бюджетке арналады primeminister.kz

11 қыркүйектегі Үкімет сағаты 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен республикалық бюджеттің атқарылуына арналады.

Сондай-ақ жиында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мен тұрғын-үй шаруашылық саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселесі көтерілмек. Айта кетейік, 2018 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4 пайызға жеткен болатын. Алайда кейбір салаларда көрсеткіштердің төмендегені байқалады. Мәселен, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсті металдар өндірісі 8, ал мұнай өңдеу 2 процентке қысқарған. Ал текстиль бұйымдарын өндіру мен фармацевтикадағы өзгерістер бірден көзге түседі. Аталған салалардағы  көрсеткіштер кем дегенде 20 пайызға төмендеген.

Осы категория бойынша: « Қазақстан қор биржасы 2018 жылдың тамыз айындағы жұмысын қорытындылады Республикалық бюджет шығынының басым бөлігі әлеуметтік салаға жұмсалды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы