364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Республикалық бюджет шығынының басым бөлігі әлеуметтік салаға жұмсалды

  • 215
  • UPD: 13:02, 11.09.2018

Республикалық бюджет шығындарының жартысынан көбі, яғни 55 пайызы әлеуметтік салаға жұмсалған.

Ал жалпы шығын көлемі 7,4 триллион теңгенің шамасында. Бұл туралы Үкімет отырысында  Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Оның айтуынша, 8 айда қазынаға түскен кіріс көлемі 5,2 триллион теңге көлемінде. Түсімнің артуына макро-экономикалық көрсеткіштердің жақсаруы, мұнай мен темірдің қымбаттауы сияқты бірнеше фактор әсер еткен. Сондай-ақ жиында бөлінген қаражатты тиімді игермеген мемлекеттік мекемелер де сөз болды. Олардың қатарында Қорғаныс министрлігі, Ауыл шаруышылығы министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі бар.

Осы категория бойынша: « Үкімет сағаты республикалық бюджетке арналады Б.Сағынтаев: Бірінші кезекте өзіңізге талап қоюыңыз керек, сосын барып жұртқа ақыл айтыңыз »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы