374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында өндірістік өнім көлемі азайған

  • 238
  • UPD: 15:24, 12.09.2018
Түркістан облысында өндірістік өнім көлемі азайған

Түркістан облысындағы өнеркәсіптік өнім көлемінің төмендеуіне Түркістан мен Шымкент қаласының бөлінуі әсер еткен.

Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысы кезінде аймақта 800-ден астам кәсіпорын болса, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бөлінгенде, оның 500-дейі Шымкент қаласына тиесілі болған. 300-дей кәсіпорын Түркістан облысының құрамында қалған. Оған өңірдегі өнеркәсіп өнімінің 46 пайын құрайтын уран өндейтін кәсіпорындардың өнім көлемін 10 пайызға төмендетуін қосыңыз. Сонда Түркістан облысы биылғы жылдың 7 айында 250,7 млрд теңгенің өнімін өндірген.

Ғанибет Әубәкіров, облыстық кәсіпкерлік және ИИД басқармасының басшысы:

– Төмендеуіне Түркістан облысы мен Шымкент қаласының бөлінуінің әсері бар. Өнеркәсіп кәсіпорындарының 60 пайызы Шымкент қаласына тиесілі болып, 40 пайызы Түркістан облысында қалды. Уран бағасын тұрақтандыру мақсатында Энергетика министрлігі жыл сайын 10 пайызға төмендетіп отыр. 2017 жылы 18 мың тоннадан артық уран өндірілсе, 2018 жылы 16 мың тонна өндіру көзделіп отыр.

Осы категория бойынша: « Қызылорда облысы көмірсутегі өндірісін 600 мың тоннаға дейін азайтуы мүмкін Анкарада қазақ-түрік әріптестігін кеңейту мәселелері талқыланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы