369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан – Түркия үшін Азияның бір қақпасы

  • 149
  • UPD: 10:32, 13.09.2018

Қазақ-түрік арасындағы қарым қатынас еліміздің кез келген өңірінде көрініс беретіні анық.

Мысалы, Ағайынды Дагделендер елорда төрінде өз кәсібін ашты.

Ағайынды Дагделендер Қазақстанға 6 жыл бұрын келген. Қазір Астана орталығындағы көп мейрамхананың біріне иелік етіп отыр. Тұрақты келушілері бар. Айтуларынша, Қазақстанда ерінбеген жанға кәсіп ашу қиын емес.

Абдуррахим Дагделен, кәсіпкер:

- Ешбір қиындығы болған жоқ. Әкімшілік болсын, СЭС болсын, Қазақстан бізге ешбір қиындық жасаған жоқ. Біз Түркияда қалай мейрамхана ашамыз, қалай орналасамыз, бізге сондай көмек болды.

Ағайынды кәсіпкерлер енді дайын тауар өндіретін шағын кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр. Жалпы қолайлы бизнес ахуал мен тұрақтылық – түрік инвесторларының қызығушылығын тудырып отырған негізгі факторлар. Ресми дерек бойынша осы жылдың алты айында қос мемлекет арасындағы тауар айналымы 678 миллион долларға жетіпті.

Анадолы елі бізге негізінен киім, жеңіл өнеркәсіп өнімдері және құрылыс материалдарын тасымалдайды. Ал Қазақстан өз кезегінде серіктес мемлекетке көбіне ауылшаруашылық өнімдерін экспорттайды.

Нұралы Бөкейханов, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы төрағасының орынбасары:

- Түркиялық кәсіпкерлерге Қазақстанда инвестиция жағынан жақсы ахуал бар. Түркиямен салыстырғанда, басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның Doing Business рейтингінде позициясы өте жоғары. Бұл Түркиялық кәсіпкерлердің қызығушылығын білдіреді. Одан бөлек виза жағынан бөгеттер жоқ. Сондықтан олар мұнда жұмысын жеңіл атқара алады.

Бизнес-ахуалдан бөлек түрік инвесторлары еліміздің транзиттік әлеуетіне де баса назар аударады. Яғни Қазақстан – Түркия үшін Азияның бір қақпасы. Болашақта аталған елдің іскер азаматтары осы қақпа арқылы Қытай мен Еуразиялық экономикалық одақ нарығына шығуды көздеп отыр. Сондықтан алдағы уақытта Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс беки түседі деуге толық негіз бар.

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Жандос Битабаров

Осы категория бойынша: « Түркия Қазақстандағы инвесторлардың үлесі жөнінен 17-орында Қазақ-түрік кәсіпкерлерінің бірлескен жобалары ел өңірлерінде табысты жұмыс істеп тұр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы