374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Ресей балық шаруашылығы бойынша серіктестікті нығайтпақ

  • 259
  • UPD: 11:48, 13.09.2018

Ресейдің Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 12 млрд АҚШ долларына жетті.

Сондай-ақ қос мемлекет түрлі сала бойынша бірлескен 50 жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы Kazakh Invest компаниясының басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин арасында өткен кездесуде айтылды. Сонымен қатар тараптар Ақтауда өткен Каспий елдерінің V саммитіндегі келісімдердің жүзеге асу барысын талқылады. Қос мемлекет алдағы уақытта балық шаруашылығы және кеме құрастыру салалары бойынша серіктестікті нығайтуды жоспарлап отыр.

Алексей Бородавкин, Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

Біздің энергетика саласындағы серіктестігіміздің берік екені белгілі. Енді өндіріс өнеркәсібі, машина құрастыру, жоғары технологиялар бойынша да  байланысты арттырмақпыз. Бұл біздің елдердің экономикасын өркендетуге көмектеседі.

Осы категория бойынша: « Қазақ-түрік кәсіпкерлерінің бірлескен жобалары ел өңірлерінде табысты жұмыс істеп тұр БҚО-да негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 190 млрд теңгеге жетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы