374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 190 млрд теңгеге жетті

  • 169
  • UPD: 11:43, 13.09.2018

Батыс Қазақстан облысында биыл негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 190 миллиард теңгеге жетті.

Өткен жылмен салыстырғанда өсім деңгейі 10%-ға артып отыр. Аймақтың өнеркәсіп өндірісіне 115 миллиард теңге көлемінде шетелдік инвестиция  тартылған. Жалпы негізгі капиталдағы шетелдік салымдардың үлесі 60%-дай. Соңғы 3 жылда кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде жалпы құны 81 миллиард теңге болатын 22 жоба жүзеге асты. Жаңа өндірістік желілердің іске қосылуының арқасында 1130 жұмыс орны ашылды. Екінші бесжылдықта аймақта құны 88 миллиард теңге болатын 31 инвестициялық жоба жүзеге асады. Нәтижесінде 2019 жылға қарай тағы мың шақты тұрғын жұмыспен қамтылмақ. Осындай озық жобалардың қатарында түрік инвесторларының қатысуымен ашылған электр жабдықтарын өндіретін зауыт та бар. 30 шақты адам еңбек ететін өндіріс ошағы 2 жарым жылда 1 миллиард теңгенің өнімін өндірген.

Нұржан Абдуллаев, электр қалқандарын өндіретін зауыт өкілі:

- Түркия елімен бірігіп бастадық жұмысты, түрік ағайындар бізге өздерінің конструкцияларын көрсетіп, көп нәрсе үйретті. Қазір енді өзіміз қолға алып, жастарды баулып, сол конструкцияларды жасап, 25 атауда сөрелерді жасап жатырмыз.

Жанна Бекқалиева, облыстық ИИД және кәсіпкерлік басқармасының бөлім басшысы:

- Индустрияландыру картасы аясында былтыр іске қосылған жобалардың бірі электр қалқандар өндірісі болады. Ол түрік инвесторларымен бірлесіп, бұл жоба жалып 500 миллион теңгеге іске қосылған. Бүгінгі күні олар тұрақты жұмыс істеуде. Биыл 7 айдың қорытындысы бойынша 570 жабдық шығарылды.

Осы категория бойынша: « Қазақстан мен Ресей балық шаруашылығы бойынша серіктестікті нығайтпақ KASE-нің таңғы сессиясы: $1 = 375,44 теңге »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы