369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің ЖІӨ көрсеткіші 3,9% өсуі мүмкін

  • 206
Еліміздің ЖІӨ көрсеткіші 3,9% өсуі мүмкін

Келер жылы еліміздің жалпы ішкі өнімі 3,9 пайызға өсуі мүмкін.

Бұл туралы бүгін Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов үш жылдық бюджет жобасын таныстыру кезінде мәлімдеді. Оның айтуынша, 2023 жылы бұл көрсеткіш 4,6 пайызға жетеді. Мамандардың болжамына сүйенсек, мұнайдың бір баррелінің құны шамамен 67 долларға жетеді. Сонда алдағы 3 жылда бюджетке 30 миллиард теңге табыс түседі. Сүлейменовтың хабарлауынша, өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіп, құрылыс, көлік, логистика және қызмет көрсету салаларының дамуы алға басады. Осы кезең аралығында әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат сомасы шамамен 500 миллиард теңгеге артады.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

– Республикалық бюджет шығыстарының болжамы 2019 жылы 10 трлн 697, 20 жылы 11 трлн 81, 21 жылы 11 трлн 428 млрд теңге деп айқындалды. Тапшылық болжамы бойынша 2019 жылы ЖІӨ қарағанда 6,9 проценттен 2021 жылы 5,3 процентке дейін қысқарады. Бұл ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың тұжырымдамасында белгіленген мұнай емес тапшылық болжамы көрсеткіштен аспайды.

Осы категория бойынша: « Қазақстанның мемлекеттік қарызы 14 трлн теңгеден асқан Алматыдағы фармацевтикалық зауыт өнімін Еуропа нарығына шығаруды көздеп отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы