366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зейнетақы жинақтарының көлемі 8,4 трлн теңгені құрады

  • 137
  • UPD: 20:39, 17.09.2018

Бұл туралы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» басқарма төрайымы мәлім етті.

Нұрбибі Наурызбаеваның айтыунша, қаржының 63%-ы салынып жатқан жарналар есебінен, ал 37%-ы инвестициялық табыс есебінен түскен. Өткен жылмен салыстырғанда зейнетақы активтерінің табыстылығы инфляция қарқынынан жоғары. Басқарма төрайымы зейнетақы жарналары бойынша оң өсім бар деп отыр. Мәселен, салымшылардың ең көп жинақтары Алматы мен Астанада тіркелген. Шоттар саны бойынша Алматы қаласы мен Түркістан облысы көш бастап тұр. Ал міндетті зейнетақы жинақтары тұрғысында 9,2 млн шоттың 53%-ы ерлерге, қалған 47%-ы әйелдерге тиесілі.

Нұрбүбі Наурызбаева, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрайымы:

- 2017 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы қоры жасаған төлем үлесі барлық төлемнің 12%-ын құраса, 2050 жылға дейін бұл үлес бірінші сценарий бойынша 46%-ға дейін артады. Ал екінші сценарий бойынша 60%-ға дейін артады деп жоспарлап отырмыз. Бұл екеуінің айырмашылығы инвестициялық табыс пен жарналарды салу жиілігінде.

Хабар 24 телеарнасы