366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейжіңде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

  • 128
  • UPD: 23:52, 17.09.2018

Бейжіңде Қазақстан мен Қытайдың индустриалды-инвестициялық әріптестігіне арналған сессия өтті.

Оны «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы ұйымдастырды. Жиында іскер топ өкілдері мен қытайлық ірі кәсіпорындар еліміздегі инвестициялық климат жайымен танысты.

Нұрбек Бекен, Twitter @NurBekenov:

Бұл күндері Қытай астанасында шетелдік инвестициялардың 10-шы жәрмеңкесі өтті. Оған инвестиция салудағы тәжірибесі мол қытайлық компаниялар, даму институттары және қаржы ұйымдарының өкілдері қатысты. Осы ауқымды шараның аясында Қазақстан екінші рет екі ел арасындағы ынтымақтастыққа арналған сессия ұйымдастырды. Мұнда іскер топ өкілдері елімізде инвесторларға жасалған жеңілдіктермен танысып, еркін экономикалық және индустриалдық аймақтардағы мүмкіндіктерге көз жеткізді.

Қуаныш Амантай, «Kazakh Invest» ҰК ҚХР Бас өкілі:

-Осындай дүниежүзілік деңгейде, халықаралық деңгейде бәсекелесуге мүмкіндігі бар қытайлық компанияларды Қазақстандағы басым беретін салаларға, инвестициялық жобаларды бірге іске назар аудартып, олардың қызығушылығын білдіру.

Сессияда «Астана» халықаралық қаржы орталығының өкілі де баяндама жасады. Шетелдік кәсіпкерлер жаңа ұйымның жұмысымен танысып, оған қатысушылар үшін арнайы жасалған заң құзыреті, жеңілдіктер мен артықшылықтар жайында білді. Жаңа қаржы орталығының алаңында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Сонымен қатар сессияда Қазақстанда сәтті жұмыс істеп жатқан қытайлық кәсіпкерлер де баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Ян Цзие, түйе сүтін өндіретін компанияның төрағасы:

- Өндірістік әріптестік аясында өткізілген бұл шара Қытай мен Қазақстан кәсіпорындары арасындағы көпір болды деп айтуға болады. Біз қазір Түркістан облысында түйе сүтін өңдеп, құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт салып қойдық. Жыл соңында толықтай іске қосылады. Онда 80 адам жұмыспен қамтылады. Өнімді Қытайға шықарсақ дейміз.

Нұрбек Бекен, Twitter @NurBekenov:

Қазір Қазақстанда негізінен минералды ресурстар, көліктік және өндірістік инфрақұрылым бойынша үлкен жобалар жүзеге асырылған. Ал ауылшаруашылығы шикізатын қайта өңдеу мен тамақ өнеркәсібі бойынша бірлескен кәсіпорындар құрылған. Олар дайын өнімдерін Қытай нарығына шығару бойынша жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы