366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында егін орағы екпін алды

  • 116
  • UPD: 08:27, 18.09.2018
Қостанай облысында егін орағы екпін алды

Тобыл өңірінде соңғы аптада жиын-терін жұмыстары қарқын алды.

Бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 2 миллион 800 мың гектар жердің астығы жиналып алынған. Бұл – жалпы алқаптың 70 пайызы. Оңтүстік аудандар науқанды аяқтауға тақады. Ал солтүстік өңір бел ортасынан енді асты. Гектар берекелігі әзірге 10, 5 центнерден айналып отыр. Мамандар ауа райы кедергі жасамаса, астық түсімі 11 центнерден кем болмауға тиіс екенін айтады. Яғни биыл да облыс диқандарының 5 миллион тонна өнім алуға мүмкіндігі бар. Ал астық сапасына келсек, мамандар оны қанағаттанарлық деп бағалап отыр.

Сәлімжан Есенаманов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

– Астық қабылдау орындарына жеткізілген бидайдың сапасы жаман емес. Осы күнге дейін 308 мың тонна келіп түскен. Соның 76 пайызының қамырлылығы үшінші сұрыпқа сай, ал 16 пайызы төртінші сұрыпқа жатқызылды. Ауа райы бүгінгідей ашық болса, егін орағын қазанның 1-не дейін толық аяқтаймыз.

Хабар 24 телеарнасы