360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да егін науқанына 8 мыңға жуық комбайн жұмылдырылып отыр

  • 112
  • UPD: 08:27, 18.09.2018
СҚО-да егін науқанына 8 мыңға жуық комбайн жұмылдырылып отыр

Күзгі жиын-терім бойынша Солтүстік Қазақстан облысында Шал ақын және Уәлиханов аудандарының диқандары көш бастап келеді.

Өңірде қазір орақ науқаны қыза түсті. Ризығын жерден табатын шаруалар ала жаздай баптаған сары алтынды шашау шығармай жинап алу үшін екі ауысымдық жұмыс кестесіне көшті. Бүгінгі күнге дейін өңірде жалпы егістік алқабының 55,3 пайызы бастырылды. Ал орташа түсім әзірге гектарынан 14,8 центнерден айналып жатыр. Диқандардың 98 пайызы жеңілдетілген дизель отынымен қамтамасыз етілді. Орақ науқанына 8 мыңға жуық комбайн жұмылдырылып отыр. «Енді жиналған астықты кептіруге қосымша 18 мың тонна жанар-жағармай бөлінсе», – дейді мамандар.

Қуандық Шакубаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

– Өткен жылы бұл кезде астықтың 78 пайызын жинап алған едік. Биыл ауа райының қолайсыздығына байланысты межеден 7 күн кеш келе жатырмыз. Дегенмен қазіргі таңда мәселе жоқ. Енді жауын-шашын болмаса науқанды 10-15 күнде аяқтауға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы