366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл Қазақстанда 20 млн тонна астық жинау көзделген

  • 107
Биыл Қазақстанда 20 млн тонна астық жинау көзделген

Елімізде науқан әлі де жүріп жатыр.

Әкімдіктердің деректері бойынша техникалар егін жинауға 100% дайындықпен кіріскен. Әрі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 394 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінді. Мемлекеттегі жалпы астық сақтау сыйымдылығы 26,7 млн тоннаны құраса, оның 13,7 млн тоннасы кәсіпорындарда, 13 млн-ы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде. Еске салайық, былтыр бидай 35 мың теңге деңгейінде сатылса, бүгінде үшінші сұрыпты бидайдың бір тоннасы 48-49 мың теңге тұрады. Баға әлі де көтерілуі мүмкін

Техника – 100%

Жанар-жағар май – 394 мың тонна

Астық сақтау сыйымдылығы – 26,7 млн тонна

Кәсіпорындарда – 13,7 млн тонна

Шаруаларда – 13 млн тонна

Бидай құны – тоннасы 48-49 мың теңге

Хабар 24 телеарнасы