Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Time» журналын 190 млн долларға сатып алған кәсіпкер кім?

  • 136
«Time» журналын 190 млн долларға сатып алған кәсіпкер кім?

Мамандар Қаржы министрі лауазымына үш үміткерді атап көрсетті.

Олардың пайымынша, Елбасы көмекшісі Әлихан Смаилов, Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Бауыржан Тортаев және Қазақстан даму банкінің басшысы Болат Жәмішев бұл қызметке әбден лайық. Жалпы ел экономикасында ілгерілеушіліктер бар.

Халықаралық валюта қоры 2019 жылы Қазақстандағы жалпы ішкі өнім көлемі 3,1 пайызға артатынын болжады. Биыл бұл көрсеткіш 3,7 пайызды құраған. Өсімге мұнай игеру деңгейінің артып, сауда және өнеркәсіп саласындағы алға жылжушылық оң әсерін тигізген. Елімізде 2017 жылдан бері өсім тұрақталды. Мамандар тиісті реформалар мұнайдан бөлек салалардағы ілгерілеу деңгейін арттыруға сеп болатынын айтып отыр. Ал Ұлттық банк ЖІӨ 2019 жылы 2,8 пайызға артатынын жеткізсе, Үкімет есебі бойынша 3,8%-ға артады.

Өсім демекші, Қазақстанда белсенді шағын кәсіпорындар қатары 11 пайызға артып, 150 мыңға жетті. Finprom сайтының хабарлауынша, соңғы бес жылда кәсіпкерлердің аяқ алысы нығайған. Әсіресе, Алматыда белсенділік жоғары. Мұнда қазір 33,8 мың шағын кәсіпорын болса, Астанада – 25,3 мың, Қарағанды облысында 10 мың өндіріс ошағы жұмыс істеп тұр. Бүгінде сауда-саттық, көлік жөндеу және құрылыс саласы белсенді. Ал тамақтану және қонақүй ісі мен электр-жылумен қамту салалары да тез дамып келеді. Елімізде 2000-нан аса кәсіпорында осындай қызметтер көрсетіледі.

 

Биыл 15000 тонна дәрі-дәрмек өндірілді

Energyprom.kz.сайтының хабарлауынша, фармацевтика саласында да өнімділік байқалады. Жыл басынан бері елімізде 43,4 млрд теңгеге фармацевтикалық өнімдер шығарылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 3,8 пайызға артық. Әсіресе, оңтүстік өңірлерде өнімнің 90 пайызға жуығы шығарылған. Жіктер болсақ, биыл 15 мың тонна дәрі-дәрмек пен 145 тонна фармацевтикалық өнімдер өндіріліпті. Көрсеткіш әжептәуір. Десе де, өнімдерді сатып алу азаматтардың қалтасына салмақ салғаны рас. Анальгетик және асқазан препараттары қатты қымбаттаған. Баға өсімі Алматы, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында тіркеліпті.

 

«Time» журналы 190 миллион долларға сатылды

Америкалық миллиардер Марк Бениофф «Time» журналын сатып алмақшы. Бұл үшін кәсіпкер 190 млн доллар жұмсамақ. CNN телекомпаниясының хабарлауынша, әзірге келісімдер жүріп жатыр. Оған дейін басылым медиалық конгломерат Meredith-ке тиесілі.

Марк Бениоффты көпшілік белді кәсіпкер, айтулы жобаның авторы ретінде таниды. Дегенмен журнал ол үшін отбасылық қаржы құю көзі саналатын болады. Әлемде талай қызық бар. Джорджия штатында Тумсборо елді мекені сатылымға қойылған. Қаладағы тұрғын үйлер, мейрамханалар, тіпті опера театры да жаңа иесінің иелігіне өтеді екен. Шағын қала 1,5 млн долларға бағаланып отыр. Қаржыларыңыз болса, қамданып қалуға болады.

Хабар 24 телеарнасы