360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында егіннің 80 пайызы орылды

  • 120
  • UPD: 13:15, 18.09.2018

Алматы облысында күзгі жиын-терім науқаны қызу жүріп жатыр.

Жер жәннаты Жетісу жерінде астықтың 80 пайызы орылды. Шаруалар жақында майлы дәнді-дақылдар мен қант қызылшасын жинауға кіріседі.

Ардақ Айбарұлы, тілші:

– Алматы облысы бойынша биыл 448 мың гектардан астам алқапқа дәнді-дақылдар егілді. Одан шамамен 1 миллион 345 мың тоннадай өнім жиналады деп жоспарланып отыр. Қамбаға 269 мың тонна күздік бидай мен 496 мың тонна арпа құйылуы тиіс. 520 мың тоннадай дәндік жүгеріміз тағы бар.

Бүгінде 356 мың гектар егіс алқабы орылып, 800 мың тоннаға жуық астық бастырылды. Оңтүстік аудандарда жаздық арпа жинау науқаны аяқталуға жақын. Ендігі міндет – Нарынқол мен Кеген аудандары сияқты таулы өңірлердегі астықты ысырап қылмай жинап алу. Шаруалардың әр гектардан орта есеппен 22,3 центнерден өнім алып жатқан жайы бар. Өткен жылы бұл көрсеткіш 21,2 центнер болған еді. Жетісулық диқандар жақында майлы дәнді-дақылдарды ору науқанына кіріседі. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Коюмчан Омаров мырза айтып береді.

Облыс бойынша астық ору науқанына жалпы саны 152 дана комбайн жұмылдырылған. Техника жеткілікті. Тұқым мәселесі де оңтайлы шешіліп жатыр.

Облыстағы егін өсірумен айналысатын шаруашылық қожалықтарына 80 мың тоннадай дәнді-дақылдар тұқымы қажет болса, бүгінде соны 66 мың тоннасы қамбаға құйылды.

Әзірге жанар-жағармай жеткілікті. Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге Энергетика министрлігі 20 мың тонна дизель отынын бөлген. Шаруалар оның әр литрін 165 теңгеден алып жатыр. Шілде, тамыз айларында 6 мың тоннадан бөлінсе, қыркүйекке 7 мың тонна дизель отыны қаралған. Соның тең жартысына жуығы мұнай базаларына жеткізілді. Сондықтан бұл мәселе бойынша ешқандай түйткіл жоқ. «Күзгі жиын-терінді ойдағыдай аяқтауға барынша мүмкіндік жасалып отыр», – дейді ауыл шаруашылығы басқармасындағылар.

Хабар 24 телеарнасы