360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде астық ору науқаны қазан айында аяқталады

  • 139
  • UPD: 21:53, 18.09.2018

Үкіметте астық оруға қатысты мәселелер пысықталды.

Биыл науқан қазан айының басында толық аяқталады деп жоспарланып отыр екен. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Қазір шамамен 9 млн гектардан дәнді дақылдардың 60-қа жуық проценті жиналды. 11,2 млн тонна астық бастырылды. Түсім көлемі гектарына 12,5 центнер. «Әлі 6,1 млн гектардан өнім жиналады», – дейді жауапты өкіл. Жалпы республика бойынша 20 млн тонна дәнді дақыл жинау жоспарланған. Осы көрсеткіш астықтың экспорт көлемін 9 млн тоннаға, ал майлы тұқымдар экспортын 1 млн тоннаға жеткізуге мүмкіндік бермек.

Хабар 24 телеарнасы