366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда қант өндірісі артады

  • 204
  • UPD: 15:20, 18.09.2018

Өндірісінде қант тұтынатын кәсіпорындар тарапынан аталған өнімнің тапшылығы шешімін тауып келеді.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз-конференциясында Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев хабарлады. Оның айтуынша, 2011 жылы қант қызылшасы өнімінің көлемі 200 мың тонна болса, биыл 460 мың тонна болады деп жоспарланып отыр. Сондықтан отандық өндіріс қарқыны жыл сайын тек ұлғайып жатыр. Сырттан жеткізілетін қант импортына баж салығын енгізгеннен кейін осындай жағдай орын алды. «Бұл – бірінші кезекте отандық тауар өндірушілерін қолдауға бағытталған шара», – дейді вице-министр.  

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

– Азаматтар үшін ешқандай қауіп жоқ. Осы 2 айдың қажеттілігінде қант жеткілікті.

Хабар 24 телеарнасы