366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда ауа райы егін орағына кедергі келтіріп тұр

  • 165
  • UPD: 15:12, 18.09.2018
Қарағандыда ауа райы егін орағына кедергі келтіріп тұр

Қарағандыда күзгі жиын-терін науқаны күрделі өтіп жатыр.

Диқандар толассыз жауған жаңбырдың салдарынан егін шабуды екі аптаға кеш бастаған. Оның үстіне жуырда күн райы күрт суып, кей аудандарға қар түсті. Жаздың салқын болуынан, бидай да пісіп үлгермепті. «Ылғалдылық аса жоғары. Сондықтан биыл мол өнім болмайды», – деп отыр шаруашылық иелері. Қазіргі күні облыста егістік алқаптарының тек төрттен бір бөлігі ғана шабылған.

Виталий Ямковой, шаруа қожалығының жетекшісі:

– Ылғалдылық аса жоғары. Соған қарамастан, егінді жинап жатырмыз. Себебі уақыт өте тығыз. Күн райы күрт бұзылса, бидай үсіп кетеді. Жуырда ғана ауа температурасының 7 градусқа дейін төмендеп кеткенін көрдіңіздер. Сондықтан барлығына үлгеру керек. Әсіресе, тұқымдық бидайды ысырапсыз жинап алу қажет. Сондықтан қазір жұмыс күшін көбейттік.

Хабар 24 телеарнасы