366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстан елімізден астық сатып алуды арттырады

  • 145
  • UPD: 21:43, 18.09.2018

Себебі мұнда шеттен әкелінген бидайдан тартылған ұнды экспорттауға мүмкіндік беріліп отыр.

Құжатқа сәйкес, астық өңдеуші кәсіпорындар экспорттайтын ұн көлемі импортталған астықтың 75 процентінен аспауы тиіс.

Оған қоса экспортық әлеуеті жоғары кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер жасалған. Ал келесі жылы тіпті міндетті жарналардан босатылмақ. Бұл Өзбекстан нарығында Қазақстандық бидайға деген сұраныстың артуына негіз болмақ.

Қанат Жүнісбеков, тілші: 

- Өзбекстан Ұлы дала елінің бидайы мен ұнын тұтынатын мемлекеттер қатарында қала бермек. Өйткені мұнда бидай егістігінің алқабы Қазақстанға қарағанда әлде қайда аз, ал тұтынушылар саны екі есе көп. Демек, бидайға деген сұраныс жоғары.

Қолда бар мәліметке жүгінсек биылғы жылдың басында Өзбекстан Қазақ елінен жалпы құны 57 миллион долларға 487 мың тонна бидай сатып алған. Ұнның көлемі де осы шамалас. Жалпы алғанда Қазақстан өзге елдермен салыстырғанда Өзбекстанға бидай мен ұнды көбірек экспорттайды. Бұл тізімде Тәжікстан, Ауғанстан ,Түркия мен алып Қытай да бар. Биыл Қазақстан Өзбекстанға экспортталатын ұнға салынатын салыққа бірқатар жеңілдіктер жасады. Тиісінше Ауғанстан да осындай қадамдарға барып отыр. Оған қоса Өзбекстан бидай өнімін қайта өңдеуші кәсіпорындарға ұнды экспорттауға мүмкіндік берді. Ішкі ережелер бекітілді.

Қанат Жүнісбеков,тілші: 

- Ала шапанды ағайын осылайша Қазақстаннан тасымалданатын астық импортының көлемін ұлғайтпақ ниетті. Өйткені бұл олардың Ауғанстанға жөнелтілетін ұн экспортының әлеуетін арттыруға негіз болмақ. Демек алдағы уақытта көрші елдің нарығында Қазақстандық бидай мен ұн өнімдеріне деген сұраныс арта бермек.

Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Зафар Халилов

Хабар 24 телеарнасы