366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 2021 жылға дейін жолдардың 90%-ы жаңартылады

  • 146
  • UPD: 13:33, 19.09.2018

Елордада «Бірлікке барар жолда» атты Жібек жолына қатысушы елдердің халықаралық форумы басталды.

Бұл форумды еліміздің  Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысымен Kazakh Tourism компаниясы ұйымдастырып отыр. Туризм саласының мамандары қызмет көрсету стандарттарын жетілдіру, туризм маркетингін тиімді ету, ғаламтордағы қызметтерді насихаттау, халықаралық әуе тасымалдарын дамыту, көлік саласының инвестициялық әлеуетін арттыру мен Жібек жолы елдерінің..өзара серіктестігінің болашағы тақырыптарын қызу талқылап жатыр.

Дариға Ташенова Twitter @Dariga24kz:

- Бүгін елорда төрінде Испания, Түркия, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Латвия, Румыния, Ресей, Өзбекстан мен Қазақстандағы туризм саласының үздік сарапшылары жиналып отыр. Кешеден бері олар осы бағыттағы ортақ мәселелерді талқыға салып жатыр. Бүгінгі күннің тақырыбы көлік және әуе жолдарымен қатынау. Осыған орай Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев елімізде осы бағыттардың дамуы жайында баяндады. Вице-министрдің айтуынша, теміржолдағы 60 бағытты дамыту жоспарда бар. 2021 жылға дейін ел жолдарының 90%-ы жаңартылады. Сондай-ақ вагондар паркін жаңарту бағдарламасы да қабылданды. Сол себепті «ішкі туризмді дамытуға қауқарымыз бар» дейді сарапшылар.

Cонымен қатар бүгін елімізде әуе қатынастарын дамыту жайында да сөз қозғалды. Былтыр отандық әуе компаниялары 7,4 миллион жолаушыны тасымалдады. Ал транзиттік жолаушылар саны 30%-ға артты. Қазақстан 38 елмен үкіметтік келісім жасасты. Қазір бізде 98 халықаралық бағыт бар. Олардың 56-сы ТМД елдері, 12-сі Еуроодақ, ал 15-сі Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне ұшады. Франкфурт, Ыстамбұл, Тегеран сынды ірі 22 бағыт реттелген. Болашақта бұл тізімге Токио мен Нью-Йорк қалалары да қосылады деген жоспар бар. Ішкі рейстерді де дамытуға көп күш салынып жатыр. 2023 жылға дейін субсидиялық рейстерді іске қосу көзделген. Еліміздің басты 10 бағыты бойынша рейстерді реттеу туралы тапсырма бар. Мамандардың айтуынша, халық бірқатар туристік аймақтарға жете алмай отыр. Субсидиялық рейстер бойынша бұл проблеманы шешуге септігін тигізуі керек. Сондай-ақ алдағы уақытта Чехияда шығарылған 20 ұшақ сатып алу жоспарланған. Олардың екеуі жыл соңына дейін елге жеткізіледі. Бүкіл республика бойынша 16 аэродром салынады деп күтіліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы