366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан шет елдерге жалпы 7 мың тонна сиыр етін экспорттаған

  • 142
  • UPD: 12:18, 19.09.2018
Қазақстан шет елдерге жалпы 7 мың тонна сиыр етін экспорттаған

Бүгінде отандық ет өндірісі мен экспорты үшін нарық талғайтын кезең емес.

Әсіресе, алыс-жақын шет елдерде төрт түлік малының етіне сұраныс жоғары. «Алайда Ресейдің ауылшаруашылық қадағалау қызметі Қазақстанның ет өнімдеріне қатысты белгілі бір шектеу қойды деген мәлімет уақытша мәселе», – дейді Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев. Оның айтуынша, бұл сұрақ апта соңында өз шешімін табады. Айта кетейік, бүгінде еліміз шет елдерге жалпы 7 мың тонна сиыр етін экспорттады. Оның едәуір бөлігі көрші Ресейде сатылды.

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары

– Министрліктің ветеринарлық қадағалау комитетінің мамандары Мәскеуге ұшып, бүгінде ресейлік әріптестерімен екіжақты келісім жұмыстарын жүргізіп жатыр. Апта соңына дейін мәселе шешіледі деген сенімдемін. Өз тарапымыздан барлық талаптар ортақ ережеге сай орындалып келеді, осы орайда не себепті түсінбеушілік орын алғанын нақты айту мүмкін емес. Бірақ қандай жағдай болмасын, біз жаңа нарықтарды іздеуді тоқтатпаймыз.

Хабар 24 телеарнасы