365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлері B2B форматында ынтымақтастық орната бастады

  • 115
  • UPD: 15:37, 19.09.2018
Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлері B2B форматында ынтымақтастық орната бастады

Сауда-экономикалық өкілдік барысында «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасы мен Қазақстан Сыртқы сауда палатасы еліміздің инвестициялық әлеуетін таныстырды.

Екі мемлекет бизнесмендері электр техникасы, тұрмыстық химия, азық-түлік өндірісі саласындағы ынтымақтастық келешегін талқылады. Ал ет және шұжық, тез дайындалатын ас, табиғи бал, сусын, сүт және өзге де тағам түрлерін өндірушілер де тауарларын халықтың назарына ұсынды. Нәтижесінде мәскеулік ритейл-желілердің өкілдері қазақстандық әріптестерінің өнімдерін көріп, бағалауына мүмкіндік туды.

Бауыржан Сартбаев, Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілі:

- Шараның мақсаты Қазақстанның азық-түлік өндірушілерін Ресейдегі үлкен дүкендер желісі өкілдерімен кездестіру, таныстыру. Осы жиындарда бірқатар ресейлік және қазақстандық компаниялар келісімшартқа қол қойды. Мұндай басқосулар Қазақстанның инвестициялық әлеуетін арттыруға көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы