360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Цеснабанктен алынған 450 млрд теңге несие агроөнеркәсіп саласын дамытуға жұмсалмақ

  • 130
Цеснабанктен алынған 450 млрд теңге несие агроөнеркәсіп саласын дамытуға жұмсалмақ

«Цеснабанктен» алынған 450 млрд теңге несие агроөнеркәсіп саласын дамытуға жұмсалады.

Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев «Деловой Казахстан» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. Айта кетерлігі, еліміздің ауылшаруашылық секторына валюталық несиелер едәуір салмақ түсіріп отыр. Сондықтан Үкімет пен Ұлттық банк шаруаларға қолдау ретінде осы шараны қолға алған. Мақсат – агроөнеркәсіп кешендерінің қарыздарын азайтып, жұмыстарын жеңілдету. «Цеснабанк» Акционерлік Қоғамы – «Агробизнес -2020» және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың қатысушысы. Саланы несиелендірудің 65 проценті осы банкке тиесілі. Қазір екінші деңгейлі банк «КазАгро» холдингімен бірігіп, валюталық несиелерді қайта қаржыландырып, мерзімдерін ұзарту мәселесімен айналысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы