366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде автокөлік өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 60%-ға өскен

  • 114
  • UPD: 14:15, 20.09.2018

Қазақстанда тамыз айының соңында автокөлік өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 60%-ға өскен.

Осылайша, бүгінде 19 мыңнан астам автокөлік түрі құрастырылды. Бұл салада Өскемен қаласының үлес салмағы ерекше. Өйткені шаһардағы автоқұрастыру зауытынан 10228 дана көлік сатылған екен. Жыл басынан бері аталған өндіріс орны 6 жаңа үлгі ұсынып, осыған сай өндіріс көлемі де артқан. Кей автокөлік маркаларының жаңартылған нұсқалары да нарыққа шығарылды. Сонымен қатар арнайы техникаларды өндіру де қолға алынды. Жуық арада зауыт тағы 10 көлік түрін құрастыруды жоспарлап отыр. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, өндірістің қарқын алуы мұндағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға да оң әсерін тигізіп жатыр.

Владимир Дручинин, автокөлік құрастыру зауытының өндіріс басшысы орынбасары:

- Өндіріс әлеуетін арттыру зауыттың дамуына ықпал етіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына түрткі болуда. Тек өткен екі айды алсақ, бізде 100 жұмыс орны ашылды. Көбінесе жастарды жұмыспен қамтыды. Өйткені «Жастар тәжерибесі», «Әлеуметтік жұмыс орны» атты бағдарламаларға белсене қатысамыз.

Хабар 24 телеарнасы