360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол байланысы артады

  • 161
  • UPD: 15:11, 20.09.2018

Қазақстан мен Өзбекстан теміржолшылары жүк тасымалын оңтайландыру мен өзара тарифтік жеңілдіктер жөніндегі келісімге келді.

Соның негізінде 2020 жылы қос тарап контейнерлік тасымалды 2 миллионға жектізбекші. Бұл туралы Ташкентте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдері темір жол әкімшілік басшыларының алғашқы кездесуінде айтылды. Тараптар Орталық Азия елдеріндегі теміржол саласына сандық көлік қызметтерін енгізу, тарифтерді реттеудің маңыздылығына тоқталды. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің теміржол көлігі саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі тұжырымдамасы жасалды. Жиынға бақылаушы ретінде қатысқан Ауғанстан мен Пәкістанның теміржолшылары Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызына тоқталды. Теміржолшылардың келесі басқосуы Астанада өтетін болды.

Ачилбай Раматов, «Өзбекстан темір жолдары» АҚ Басқарма төрағасы:

- Өзбекстан темір жолдары мекемесі жалпы жүк вагондарын алмасу мен тасымал бойынша Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан сонымен бірге Ресей еліне көптеген тарифтік жеңілдіктер жасады. Темір жол тасымалы бойынша Қазақстан мен Ресей және Иран елімен әріптестік байланыс негізінде бірқатар артықшылықтарымыз бар. Мұның барлығы түптеп келгенде тауар айналымын арттырып, достық пейілдегі көршілік қарым-қатынастарымызды нығайтады.

Жасұлан Әлиев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ интеграция және сыртқы саясат департаментінің директоры:

- Кездесуде өзара техникалық саясат мәселелі келісілді. Қосымша бірқатар стандарттар бойынша өзара ымыраға келдік. Мұның барлығы Орта Азия аумағында жүк тасымалдау кезінде кездесетін кедергілерді жоюға мүмкіндік береді. Дәл осы жерде бұдан бөлек Орта Азиядағы теміржол көлік дәлізін бірлесіп дамыту жөнінде келісім жасалды.

Хабар 24 телеарнасы