366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда БҰҰ-ның арнайы бағдарламасы аясында экономикалық форум басталды

  • 140
Алматыда БҰҰ-ның арнайы бағдарламасы аясында экономикалық форум басталды

Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының 2018 жылғы экономикалық форумы және Басқару кеңесінің 13-отырысы басталды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қабылданған бағдарламаға биыл – 20 жыл. Бастапқы кезде оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері мүше болған. Кейінірек қатарға Ауғанстан, Түрікменстан мен Әзербайжан қосылды. Жиырма жылдың ішінде осы елдердің экономикасы 40 миллиард доллардан 343 миллиард долларға дейін өскен. Ал өзара сауда айналымы 18 млрд доллардан 179 млрд долларға дейін ұлғайған. Халық саны да артты. Мысалы, 20 жыл бұрын бағдарламаға қатысушы жеті елде 50 миллион адам өмір сүрсе, қазір бұл сан 118 миллионға жеткен. Алматыда бас қосқан мамандар екі күн бойы өзара сауда-саттықты ширату және экологиялық проблемаларды шешу жайын талқылайды. Сосын көлік инфрақұрылымын жақсартып, әйелдердің экономикадағы әлеуетін арттыру мәселесіне назар аударады.

Қайрат Төребаев, ҚР ҰЭМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры:

– Біз өзіміздің жеке секретариатымызды құрып, осы мәселелерді егжей-тегжей қарастыруға бет бұрып жатырмыз. Секретариат негізінен Орта Азияның ең қажетті мәселелерін зерттеп, осы мемлекеттерге, біздің үкіметтерімізге көрсетіп, мәселелерді қалай шешуге болатыны жөнінде ұсыныстар жасайды.

Хабар 24 телеарнасы