366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяда Қазақстанның көлік тасымалы саласындағы инвестициялық жобалары таныстырылды

  • 162
Оңтүстік Кореяда Қазақстанның көлік тасымалы саласындағы инвестициялық жобалары таныстырылды

Сеулде жаһандық инфрақұрылымға арналған конференция өтті.

Шара аясында Қазақстанның көлік тасымалы саласындағы инвестициялық жобалары таныстырылды. Конференцияға 50 шақты елдің өкілдері қатысқан. Біздің елімізден «Бәйтерек» холдингінің жобаларды дайындау қорының өкілдері барды. Корея инвесторларын жеңіл рельсті көлік пен Алматыны айналып өтетін теміржолдың құрылысы, сондай-ақ Түркістан облысындағы жолдар салу жобасы қызықтырды. Шымкент пен Сарыағаш арасында жол салуға байқау келесі жылы өтеді. Бұл жоба шамамен 500 миллион долларға бағаланып отыр.

Аслан Болатов, «Kazakhstan Project Preparation Fund» басқарушы директоры:

– Біріншіден, бұл – Өзбекстанмен шекарадағы Сарыағашты айналып өтетін жол. Содан кейін Шымкент пен Сарыағаш арасында салынған жолдарды қалыпта ұстау. Шымкентті айналып өтетін жолды да салу керек. Бұл жобаның мақсаты – оңтүстік елдерден тасымалданатын жүктердің «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізіне дейін мүмкіндігінше тезірек жеткізілуін қамтамасыз ету.

Хабар 24 телеарнасы