360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ташкентте көлік саласында өткен форумда Қазақстан маңызды бастама көтерді

  • 179
Ташкентте көлік саласында өткен форумда Қазақстан маңызды бастама көтерді

Ұлы Жібек жолы бойындағы елдер халықаралық дәліздерге қатысты ортақ үйлестірілген көліктік саясат қабылдауы керек.

Өткізу бекеттерін жасқартып, тарифті бір ізге түсірген жөн. Сонда ғана құрлықтағы байланыс артады. Ташкентте өткен «Орталық Азия елдері халықаралық көлік дәліздері жүйесінде» атты форумда Қазақстан осындай бастама көтерді. Жиынға әлемнің 37 елінен 300-ге жуық өкіл қатысып, құрлықтағы өзара байланысты жақсарту жағын талқылады. «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» көлік дәлізі көп елге теңізге тікелей шығуға жол ашып берді. Қазақстан транспорттық логистикалық жүйені дамыту үшін соңғы он жылда 30 миллиард доллардан астам қаржы бөлді. Соның арқасында еліміздегі логистикалық жүйе жақсарып, жүк тасымалы артты. Бір ғана Ақтаудағы «Құрық» портының автомобиль терминалының өткізу қабілеті 26 миллионнан асты. Логистика цифрландырылған жүйеге көшіп жатыр. Бұл өз кезегінде жүкті діттеген жеріне мерзімінен бұрын жеткізуге сеп. Қазақстан қазір теміржол мен әуе қатынасы бойынша Орталық Азияның күре тамырына айналды.

Әсет Асаубаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы:

– Қазақстан өзі көліктік логистикалық шеңберді дамыту бойынша инфраструктурасына да, заңнамасына да қолайлы жағдай жасады. Дегенмен біз көршілес елдерге де осыны ұсынып отырмыз. Осындай заңнамаларды, яғни үйлестірілген транспорттық саясат қабылдасақ, оны жүзеге асырсақ, сол кезде жалпы Орталық Азия шеңберінде біздің көліктік дәлізіміздің маңыздылығы артып, яғни өткізу қабілеттілігі өсетін болады.

Хабар 24 телеарнасы