Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 131
365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық көлік саласы ішкі нарықтың 25%-ын қамтиды

  • 112
  • UPD: 11:51, 21.09.2018
Отандық көлік саласы ішкі нарықтың 25%-ын қамтиды

Отандық машина жасау саласының өнімдеріне сұраныс деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 17,2%-ға өскен.

Әсіресе, қорғасынды аккумуляторлар, электротехникалық құрал-жабдықтар және ауылшаруашылық техникасы жиі экспортталады. Бұл туралы Қазақстанның машина жасаушылары одағы басқармасының басшысы Мейрам Пішембаев баспасөз-конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, жергілікті өндіріс ішкі нарықты бүгінде 25%-ға қамтамасыз етуге қауқарлы. Алдағы уақытта импорт көлемін қысқартып, экспортты ұлғайту көзделіп отыр. Машина құрастыруда жиі қолданылатын техникалық болат көбіне көрші Ресейден жеткізіледі. «Ішкі шикізат қорын құру үшін жылына 100 мың тонна берік болат өндіру қажет», - дейді Мәжіліс депутаты Пішембаев.

Мейрам Пішембаев, Қазақстанның машина жасаушылары одағының басқарма төрағасы:

- Жылдан жылға экономиканың сұранысы машина жасау саласының өнімдеріне көбейіп келе жатыр. Экономика өсіп келе жатыр, сондықтан автомобильдерге де сұраныс көбейіп жатыр. Мұнай-газ саласының машинасына, трактор, комбайндар. Қай саланы алсақ, барлық жерде сұраныс өте жоғары.

Хабар 24 телеарнасы