365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның жалпы ішкі өніміне әйелдердің қосып жүрген үлесі 40 пайызға жетеді

  • 112
Қазақстанның жалпы ішкі өніміне әйелдердің қосып жүрген үлесі 40 пайызға жетеді

Еліміздің жалпы ішкі өніміне әйелдердің қосып жүрген үлесі 40 пайызға жетеді.

Ресейде өтіп жатқан Еуразиялық әйелдер форумында осындай дерек айтылды. Жиынға төрткүл дүниеден жиналған 2 мыңдай маман қатысып жатыр. Мұнда Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова бастаған қазақстандық делегация гендерлік теңсіздікті жою жолындағы еліміздің қол жеткізген жетістіктерімен таныстырды.

Бұл форум тек әйелдердің құқықтарын талқылап ғана қоймай, әлемдегі барлық өзекті мәселер бойынша пікір алмасатын халықаралық алаңға айналған. Биылғы басқосудың басты тақырыбы – жаһандық қауіпсіздік. Пленарлық мәжілісте сөз алған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қатысушылардың назарын «Әлем.XXI ғасыр» Манифесіне аударды. 

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

– Бүгінде еліміз Орталық Азия мен Ауғанстанда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөліп жүр. Тәжікстан мен Қырғызстандағы шиеленістерді реттеуге қатыстық, Сирия бойынша келіссөздер жүргізуге алаң бөлдік. 

Әйелдердің мансабының өсуіне жасалатын кедергілер, жұмыс істеп жүрген аналардың мәселелері, ғылымдағы әйелдердің орны форумда осы және өзге де көптеген сауал талқыға түсті. Ал экономика саласындағы әйелдердің халықаралық ынтымақтастығы тақырыбының өзектілігіне байланысты «Ресей – Қазақстан» атты жеке бизнес-диалог ұйымдастырылды. 

Мәдина Жүнісбекова, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

– Халықаралық қаржы ұйымдарымен белсене әрекет етеміз. Өзге елдер үлгі алып жүрген Еуропалық қайта құру және даму банкімен жемісті бағдарламамыз бар. Осы бағдарлама аясында 13 мыңнан аса іскер әйел несие алып, өз кәсібін ашты.

Шетел саясаткерлері де қазақстандық әйелдердің барлық салада белсенді екендігін мойындайды. 

Нино Бурджанадзе, Грузия парламентінің экс-спикері:

– Мен көптеген шараға қатысып, елдеріңіздің түкпір-түкпірінде кәсіп ашып, оны өрлеткен талай әйелді өз көзіммен көрдім. Әйелдердің саясатта, қоғам өмірінде, бизнесте орнын арттыруға бағытталған Президенттің саясаты өте дұрыс деп санаймын.

Үш күн бойы Таврия сарайында әйелдердің табысқа жетуі туралы талай әңгіме айтылды. Олардың барлығын бір арнада тоғыстыратын бір ой әйелдердің мүмкіндіктерін арттыру – бейбітшілікке жетудің ең қысқа жолы.

Авторлары: Дана Нуржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы