366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда бюджетті жоспарлаудың жаңа жүйесі пайда болады

  • 225
  • UPD: 23:22, 21.09.2018

Келесі жылдан бастап елімізде бюджетті жоспарлаудың жаңа жүйесі пайда болады.

Соның арқасында сала мамандары қағазбастылықтан арылмақ. Бұл туралы Қазақстанның электрондық коммерция орталығының 40 жылдығында мәлім болды. Орталық 40 жыл бойы Қаржы министрлігінің есеп-қисабын автоматтандырумен айналысып келеді. Өткен жылдан бері мемлекеттік сатып алу саласы жүйелеу ісін қолға алды. Бүгінде мемлекеттік сатып алу порталы мен қазынашылық жүйесі және Қаржы министрі бағдарламаларын жүргізіп келеді.

Темірлан Нұрғисаев, «Электрондық коммерция орталығының» басқарма төрағасы:

– Мемлекеттік органдардың бухгалтерлік есептерін бірыңғай жүйеге келтіретін софт әзірленеді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында тауарларды маркалау және бақылау жобаларымен айналысамыз. Әзірге осы ірі жобаларды іске асыруды мақсат етіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы