366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана мен Алматы арасында экономикалық байланыс артып келеді

  • 130
Астана мен Алматы арасында экономикалық байланыс артып келеді

Астана мен Алматы қалалары арасында өзара ынтымақтастық әрі экономикалық байланыс артып келеді.

Оған мысал Алматыда өткен «Астана-Алматы» өңірлік форумы. Форумда қонақүйлер құрылысы, металпластик бұйымдарын шығаратын зауыт салу, мемлекеттік және жекеменшік әріптестікті дамыту жобаларын бірлесіп жасау жөнінде 7 меморандумға қол қойылды. Бұл жобалардың жалпы құны 65 млн долларды құрайды. Жалпы соңғы 10 жылда жекелеген компаниялар елімізге 250 млн АҚШ долары көлемінде инвестиция әкелген.

Әлішер Әбдіқадыров, Астана қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы:

- Бүгін біз жеті нақты жобаны бірлесіп іске асыру жөнінде құжатқа қол қойдық. Бізге Алматыдағы көлік қатынасы мен экономикалық саясат саласында бастамалар қызықты. Ынтымықтастық келісімі қаладағы қоғамдық қарым-қатынас пен қауіпсіздікті жақсартуға негізделген.

Хабар 24 телеарнасы