360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбедегі биылғы көкөністің түсімі диқандардың көңілінен шықты

  • 107
  • UPD: 21:48, 23.09.2018

Ақтөбеде биыл диқандар 443 мың гектар жерге дәнді-дақыл екті.

Бұл былтырғымен салыстырғанда, 15 пайызға көп. Одан бөлек, бау-бақша алқаптары да ұлғайды. Көкөністің түсімі де тәуір.

Қала маңындағы ең ірі шаруашылық биыл 200 гектарға жуық алқапқа картоп екті. Қазір гектарынан 25 тоннадан өнім жинап жатыр. «Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда көп», –дейді қожалық жетекшісі. Арнайы жабдықталған қоймаға күніне 100 тоннадан астам картоп әкелінеді.

Бұл шаруашылық жинаған өнімінің біраз бөлігін азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорына тапсырады. Жыл сайын келісімшарт жасап, арзан бағамен береді. Жергілікті картоп қыс-көктем айларында коммуналдық базарларға шығарылады. Одан бөлек, сәбіз бен қызылша да жергілікті шаруалардан алынады.

Степан Гайдарь, шаруа қожалығының жетекшісі:

– Биылғы түсім өте жақсы. Пиязды гектарынан 50 тоннадан жинап жатырмыз. Ал, картоп 22-25 тонна болады. Қаладағы ірі сауда орындары бізден алып жатыр. Тұрақтандыру қорына да тапсырамыз.

Мұрат Тоқболатов, қалалық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы:

– Биылғы картоптың түсімі жаман емес, былтырға қарағанда жақсы. Шамамен орта түсім – 20-25 тонна. Көкөніс те сондай, сәбіз де жақсы шығып жатыр.

Тұрақтандыру қоры биыл 500 тонна картоп қабылдап алады. Одан бөлек, 200 тонна сәбіз, 200 тонна қызылша мен 100 тонна пиязды қысқа сақтайды.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы