366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үкімет сағаты: туризм саласының дамуы

  • 315
  • UPD: 12:03, 24.09.2018

Ел Парламенті Мәжілісінің қабырғасында Үкімет сағаты басталды.

Бүгін депутаттар алдында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы есеп беруде. Ведомство басшысы Қазақстанда туризм саласын дамыту жолдары жайында баяндады.

Бүгінгі бас тақырып – туризм. Мәдениет және спорт министрі осыған дейін салада атқарылған жұмыс нәтижелерімен,алдағы жоспарлармен бөлісті. Оның айтуынша, қазір бұл сектор әлемдік жалпы ішкі өнім көрсеткішінің 10 пайызын құрайды. Салаға тартылатын инвестиция көлемі 800 миллиард долларды құрайды. Әрине, мұндай көрсеткіштер Қазақстан үшін де көптеген мүмкіндік ашып отыр. Сол себепті болар туризм қазір ел экономикасының басты драйверлерінің бірі болып табылады. Бұған дейін еліміздің туристификация картасы әзірленді. Нәтиже жоқ емес. Биыл Алакөл мен Бурабай курорттарына бір миллион адамнан келді .

Жоспар аз емес. Ең алдымен министр 2025 жылға дейін Алматы Қаскелең мен Түрген аймағын қамтитын 3 тау шаңғы кластері ашылатыны жайлы айтты. Мұнда шамамен он курорт ашылады. Жоспар бойынша осы жерге жыл сайын 50 мыңға жуық адам келе алатын болады. Сондай-ақ отандық туризм саласын толықтай қамтитын Kazakhstan.travel атты туристік портал әзірленеді. Сонымен қатар Қазақстандағы он туристік аймақты қалыптастыру жұмыстары да өз жалғасын табады. Ал жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторлардың қолдауы қажет екендігі түсінікті. Сол себепті елімізде келесі айда алғаш рет туристік инвестициялық форум ұйымдастырылады. Егер аталмыш жоспарлар орындалса, 2023 жылға дейін еліміздің жалпы ішкі өнім көрсеткіші бір пайыздан сегіз пайызға дейін өсуі тиіс. Ал бұл секторда жұмыс істейтіндер саны төрт жүз мыңнан алты жүз елу мыңға дейін жетеді. Туристер саны алты жарым миллионнан тоғыз миллионға дейін артады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент сессиясына қатысқан кезде туризм саласының 2023 жылға дейінгі даму бағдарламасын әзірлеу туралы тапсырма берген болатын.

Авторы: Дариға Ташенова

Хабар 24 телеарнасы