366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да тері өңдеу зауыты қуат көлемін 50%-ға жеткізуді жоспарлап отыр

  • 127
  • UPD: 21:19, 24.09.2018
БҚО-да тері өңдеу зауыты қуат көлемін 50%-ға жеткізуді жоспарлап отыр

Батыс Қазақстан облысындағы былтыр іске қосылған тері өңдеу кәсіпорнында да осыған ұқсас жағдай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өндіріс ошағы қуатының үштен бірін ғана пайдаланып отыр. Индустрияландыру картасына енген кәсіпорын тәулігіне 2500-дей ірі қара мен қой терісін өңдей алады. Ондағы ылғал теріден жасалатын жартылай фабрикаттар Испания мен Италия елдеріне экспортталады. Кәсіпорында ер адамдарға арналған аяқ киім тігу ісі де қолға алынды. Жыл соңына дейін зауыт қуат көлемін 50%-ға жеткізуді жоспарлап отыр. «Жергілікті шикізаттың сапасы өте жақсы, қалыңдығы да талапқа сай келеді. Тек қажетті мөлшерде, бүлінбей жетсе болғаны», - дейді зауыт мамандары.

Әсет Бектұрғанов, кәсіпорынның коммерциялық директоры:

- Малды қолмен сойған кезде терінің көп бөлігі зақымдалады. Ал механикалық желілері бар кәсіпорындар тым аз. Ең басты проблема – тұрғындардың дені малдың еті мен сүтіне ғана көңіл бөледі де теріге кейін өндірісте аса қажет болатын өнім ретінде қарамайды. Тіпті малдың терісіне басылатын ен таңбаның да шикізат сапасына кері әсер ететіні рас. Сонымен қатар аяқ тігуді меңгерген тігіншілер болғанымен, жоғары деңгейлі технолог мамандар да тапшы.

Хабар 24 телеарнасы