366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өңірлерді дамытуға 194 млрд теңге қаржы бөлінді

  • 131
  • UPD: 10:51, 25.09.2018
Өңірлерді дамытуға 194 млрд теңге қаржы бөлінді

Биылғы жылы өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруға 194 млрд теңге бөлінді.

Оның алдын ала нәтижелері бүгін Үкімет отырысында қаралуы тиіс. Бірқатар салалық бағдарламаны біріктіру туралы қаулы 2014 жылы қабылданған. «Аймақтарды дамыту», «Моноқалаларды дамыту», «Ақбұлақ», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту», «Қолжетімді баспана-2020» қарастырылып оңтайландырылды. Өңірлік даму бағдарламасы аясында төрт мақсат және 12 көрсеткішке қол жеткізілді. Сондай-ақ жүзге жуық іс-шара өткізу жоспарланған. Осы мақсатта 2015-2017 жылдарға триллионнан астам теңге бөлінген, олардың 430 миллиарды – мемлекеттік бюджеттің қаражаты. Ұлттық қордан 550 миллиардтан астам теңге бөлінген. Жергілікті бюджеттер мемлекеттік бағдарламаға 148 млрд теңгеден астам, ал кәсіпорындарға 45 млрд теңгеден қаржы бөлген.

Хабар 24 телеарнасы