366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемдік мұнай бағасы қымбаттады

  • 155
  • UPD: 11:33, 25.09.2018
Әлемдік мұнай бағасы қымбаттады

Әлем қор биржаларындағы сауда барысында мұнай бағасы көтеріліп, 2014 жылғы деңгейге жетті.

Лондон қор биржасында Brent маркалы мұнай фьючерстері 2,8 пайызға артып, бір баррелі 81 долларға өссе, Нью-Йорк тауар биржасында WTI маркалы мұнайдың құны 2 пайызға көтеріліп, 72 доллар 5 цент болды. Осыған байланысты, сарапшылар қара алтын құны биыл жыл аяғына дейін тағы қымбаттап, 1 барреліне 100 долларға дейін жетуі мүмкін деп отыр. Мамандардың пікірінше, оған АҚШ-тың қараша айында Иранға санкция салу жоспары әсер етуі мүмкін. Себебі Вашингтон шектеулер енгізген соң, әлемдік нарыққа 1 жарым миллион баррель мұнай кем жеткізіліп, қара алтын тапшылығы пайда болуы ықтимал. Ал мұнайды өндіруші ОПЕК елдері әзірге оны өндіру көлемін ұлғайтуды көздеп отырған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы