365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында агломерация дамуы аясында бірнеше ірі жоба қолға алынды

  • 106
  • UPD: 12:57, 25.09.2018

Ақтөбе өңірінде қосымша инвестиция тартып, инфрақұрылымды дамыту көзделген, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Соның негізінде жаңа өндіріс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік артып келеді.

Мансұр Есқожин, twitter.com/M_Eskojin

– Ақтөбе облысында бұрын болмаған 4 өндіріс орны бүгінгі күні тауар шығара бастады. Арнайы инфрақұрылымы жүргізілген өндірістік аймақта жаңа кәсіпорындар шоғырландырылған. Мәселен, резеңке жабынды өндірісі қарқын ала бастады.

Автокөлік дөңгелектерін қайта өңдеу арқылы балалар ойын алаңдары мен спорт алаңқайларына төселетін жабындылар шығарылады. «Жаяу жүргінші жолдарына төселеді, бұл жол бойында жығыла қалған жандардың түрлі жарақат алмауы үшін де біраз көмегі тиеді», – дейді мамандар. Кәсіпорын осы уақыт аралығында құны 1 миллиард теңге болатын өнім шығарған.

Мансұр Есқожин, twitter.com/M_Eskojin

– Бұл жобалар нарықты кең көлемде қамтиды деген сөз. Ең бастысы өңірдің, қаланың дамуына үлкен септігін тигізеді. Жұмыссыздықты жойып, білікті мамандардың шоғырлануына сеп болады.

Жоспар бойынша биылдың өзінде 500-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Мұны шағын және орта бизнестің дамуынан ақ байқауға болады. Жыл басынан бері облыс орталығында 60 мың жаңа серіктестік тіркелді. Жалпы Ақтөбе агломерациясын жүзеге асыру жоспары 2030 жылға дейін жасақталған.

Сарапшылардың пайымдауынша, облыс орталығында 12 жылдан кейін халық саны 1 миллион тұрғыннан асуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы